"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

     direktorupk@mail.ru

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

МОӨК туралы

Мектепаралық оқу - өндірістік комбинат - бұл кәсіптік бағдар беру жұмысын іске асыратын, жетіспейтін ресурстарды өтеуге мүмкіндік беретін бірыңғай білім беру кеңістігін ұсынатын қаланың жалпы білім беретін мектептерінің өзара іс-қимыл кешені.

Мектепаралық оқу–өндірістік комбинаты 1979 жылдан бастап жұмыс істейді. Оқыту екі тілде жүргізіледі – орыс, қазақ.

МОӨК-ның негізгі мақсаты - қала және кент мектептерінің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы. Осы мақсатқа қол жеткізу және осы жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін МОӨК-да 8 бейін бойынша 4 бағыт жұмыс істейді:

Техникалық бағыт

  •  Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану (автомобиль жөндейтін слесарь)
  • Ақпараттық жүйелер (бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушінің көмекшісі)
  • «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» (сандық ақпаратты өңдеу жөніндегі маман)
  • Қазақ және орыс тілінде оқытатын автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және пайдалану ("В" және " ВС1 " санатындағы көлік құралдарының жүргізушісі)

Экономикалық бағыт

  • Менеджмент (менеджер)

Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт

  • Қазақ және орыс тілінде іс жүргізу және мұрағаттану (хатшы-референт)
  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру (білім беру ұйымдарының тәлімгері)

Қолданбалы бағыт

  • Дизайн (исполнитель художественно- оформительских работ)

Оқыту педагогикалық кеңестің, Степногорск қаласының білім беру бөлімінің сараптамалық кеңесінің отырысында қаралған және бекітілген біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес үлгілік білім беру бағдарламасы негізінде құрылған МОӨК мұғалімдері әзірлеген бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

Жаңартылған күні: 11.06.2020 15:46
Құрылған күні: 19.06.2020 09:07

Текст