"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

     direktorupk@mail.ru

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республика Күні Құтты Болсын!

24.10.2024

Бүгін, 2024 жылғы 24 қазанда,  біздің мектепаралық оқу-өндірістік комбинатымызда «ТӨРТ ТОҚСАН - ТӨРТ ӨНЕР» ұлттық мәдени-ағартушылық  жобасы аясында Республика күніне орай іс-шара өткізілді.
«Офис-менеджер» мамандығы бойынша білім алып жатқан 11-сынып оқушылары мұғалім Бибігүл Ельтайқызы Бекмағамбетованың ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара дайындап өткізді. Шараның басында Степногорск қаласының музыкалық мектебінің оқушылары өздері құрастырған композицияларымен домбыра аспабында  «Ақындар айтысы» жас ақын-импровизаторлардың өнерін көрсетті.  Одан кейін Қазақстан туралы танымдық викторина сайысы өтті, сондай-ақ елімізге арналған ән шашулар, түрлі би және ойын шаралары ұйымдастырылды.        Іс-шара қызықты және танымдық жағынан жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға қатысушыларды мектеп ұжымының басшысы Светлана Викторовна Кубрина құттықтап, сөз сөйледі.  Іс-шараға арнап мектебіміздің залы «Дизайн» мамандығының оқытушысы Любовь Павловна Лисоволдың үлгісімен әсемдеп, безендірілді.
#Ақындарайтысы

Просмотров: 271


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст