18 ақпан күні 10 сынып оқушыларымен «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бейінінің мұғалімі О.П. Ногай «Өмір сүр, жер!» атты экологиялық сыныптан тыс іс-шара өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін, табиғатта, эколгияда болып жатқан оқиғаларға өз ұрпақтарының алдында жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Балалар жаһандық экологиялық мәселелер туралы ақпараттық роликті зерттеп, бізді қоршаған табиғаттың әсемдігі туралы әңгімелеп, «Қазақстанның Топ-10 әдемі жері» бейнематериалын тамашалады.
Практикалық бөлімде болашақ ұрпақ пен планетаның өмірі үшін жабайы табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігі туралы адамдарға үндеу жеке ұрандар жасалды. Қорытындысында барлығы бір ауыздан «Әлемді өзгерткің келсе - өзіңнен баста» бір шешімге келді.