"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

     direktorupk@mail.ru

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Степногорск қаласының полиция басқармасында Ашық есік күні

13.04.2021

10 сәуірде қаланың жоғары сынып оқушылары үшін Степногорск қаласының полиция басқармасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Алдымен, акт залында  ПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Бақтияр Төреқұлұлы Чоқпаров балалар үшін қызықты әңгіме өткізді. Ол полицейдің мамандығы, оның қазіргі қоғамдағы маңыздылығы, әлеуметтік жеңілдіктер және полиция қызметкері болу үшін қайда оқуға болатындығы туралы айтты. Балаларға Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына түсу үшін толық жадынамалар таратылды. Содан кейін балалар, мұғалімдер және ата-аналар үшін мұражайға экскурсия жүргізілді, онда Бахтияр Төреқұлұлы балаларға естелік заттарды, фото, құжаттарды көрсетті және басқарманың тарихы мен оның кейіпкерлері туралы егжей-тегжейлі  айтып берді. Соңында балалар тирға барып, онда нағыз жауынгерлік қаруды, әрине, полицияның қатаң басшылығымен және бақылауымен көріп, пайдалана алды. Экскурсия қызықты, мазмұнды және танымды болды. Осы іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Степногорск қаласы полиция басқармасының басшылығына және барлық қызметкерлеріне алғыс білдіреміз!

Просмотров: 237


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст