"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

     direktorupk@mail.ru

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қонақ онлайн дәріс

14.05.2021

13 мамырда МОӨК 10 сынып оқушылары Ақмола облысының "Атамекен" ҰКП ұйымдастырған қонақ дәрісіне қатысты. Онлайн форматта балалар "Үйдегі шеф-аспаз" қызметін көрсетумен айналысатын ісін жаңа бастаған кәсіпкер Наталья Михайленкомен кездесті. Наталья балаларға өзінің сүйікті ісі және оның қалай кәсіпкер болғаны туралы айтып берді. "Бастау" бағдарламасы бойынша курстық дайындықты аяқтаған Наталья ас үй құрал-саймандарын сатып алуға 250 мың теңге грантын жеңіп алды. Содан кейін  жабдықталған үй-жайды жалға алды  және өз жұмысын  үш қызметкерлермен бастады. Қазір олар Көкшетау қаласында банкеттер, фуршеттер ұйымдастырып, пісірумен айналысады. Олардың фишкасы - тек жаңа өнімдер мен ыстық, дәмді пирогтар! Наталья өз ісіне риза, қазір оның қарамағында 9 қызметкер жұмыс істейді және олардың тұрақты клиенттері бар. Дәріс барысында кәсіпкер балалардың сұрақтарына жауап беріп, оларға салауатты өмір салтын ұстануға, көп оқуға, міндетті түрде оқуға, табысты адамдармен араласуға және тәуекелге барудан қорықпауға кеңес берді. Әңгіме қызықты және мейірімді болды! Іс-шараны ұйымдастырғаны және шақырғаны үшін Ақмола облысының "Атамекен" ҰКП-на рахмет. Барлығыңа  табыс тілейміз!

Просмотров: 247


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст