Қазақстанда 2022 жыл Балалар жылы болып жарияланды. Балалар жылын мерекелеу жоспарын ашу және іске асыру шеңберінде 2022 жылдың 25 сәуірі мен 29 сәуірі аралығында Степногорск қаласының барлық мектептерінің 9-сыныбына МОӨК базасында кәсіптік бағдар беру экскурсиясы өткізілді. Балалар келесі оқу жылында ашылуы жоспарланған барлық профильдерді аралап көрді, ал мұғалімдер бейіндік ерекшеліктерге, қадір-қасиеті мен болашағына кеңінен тоқталды.
Келесі жылы келесі профильдерді ашу жоспарлануда:
- Дизайнер
- Офис-менеджер
- Көлік жөндеуші
- жүргізуші (оқу мерзімі 2 жыл)
- роботты жүйелерді монтаждаушы-баптаушысы
- Компьютерлік графика операторы
- Мәдени шараларды ұйымдастырушы
- Тігінші
Қыркүйек айында мекемеміздің қабырғасында 10 және 11 сынып балаларын күтеміз!