"Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

     direktorupk@mail.ru

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!»

05.07.2020

«Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!» облыстық компьютерлік графика және анимация ғаламтор-байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазіргі ғылым және ақпарат, жаңа технологиялар мен инновациялық идеялар заманында білім беру саласының басым бағыттарының бірі компьютерді еркін меңгеруге талпынған, компьютерлік бағдарламаларды қолдануға деген қызығушылығы мол дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету болып табылады.

Ағымдағы жылдың 25 маусымында Ақмола облысы білім басқармасы мен Ақмола облысы Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының жалпы басшылығымен «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай «Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!» атты облыстық компьютерлік графика және анимация ғаламтор-байқауының қорытындысын шығарды.

Ғаламтор-байқауына жалпы саны 24 жұмыс келіп түсті. Оның 16-ы – графика, 8-і – анимация.
Байқау жұмыстарына Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжінің, «Кванториум» балалар технопаркінің мамандары төрелік етті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретпен үлестірілді:
1 орын – Магауиденов Санжар (Степногорск қаласы, Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты);
2 орын – Баглик Артур – (Степногорск қаласы, Мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты); 3 орын – Мутафиди Виктория (Есіл ауданы, Свободненская ОМ). Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімімен шығармашылық белсенділік танытқан, креативті идеясымен ерекшелене білген 5 қатысушы грамоталармен марапатталды. Олар:
«Үздік техникалық орындау» номинациясында:
Ереже Айбек (Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының №4 НМ);
«Үздік анимация» номинациясында:
Ильин Никита (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №3 ОМ);
«Ең креативті анимация»номинациясында:
Каблуков Артем (Атбасар ауданы, Атбасар қаласы №3 ОМ);
«Шығармашылық талап» номинациясында:
Алпысов Бекзат (Целиноград ауданы, Қаражар ауылы ОМ);
«Жарқын болашақ» номинациясында:
Чулковский Илья (Целиноград ауданы, Қараменді батыр ауылының №11 НМ). 

Просмотров: 379


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст