12-13 қазан күндері облыстық оқу-әдістемелік орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бойынша «Көкше дарыны» атты ашық фестиваль ұйымдастырды, оған облыстың барлық түкпірінен оқушылар, соның ішінде МОӨК «Бағдарламалау, одельдеу және робототехника негіздері» үйірмесімен айналысатын балалар қатысты.
Жобаларды қорғау онлайн режимде өтті. Біздің балалар өз жұмыстарын үш категорияда таныстырып, келесі жобаларды ұсынды: «Ақылды шағын аудан» Кадонцев Александр; «Баламалы энергия көзі» Құдайбергенов Темірлан; «Дроны бар заманауи танк моделі» Баглик Артур. Жетекшісі-Зворыгин П.Ю.
Балалар өз жобаларын лайықты түрде ұсынды, басқа да қорғаныстарды көрді, сараптамалық қазылар алқасының кеңестері мен ұсынымдарын алды.
ООӘО-қа осы фестивальға және тәжірибе алмасу мүмкіндігіне рахмет! Нәтижелерді күтеміз.